Жыл басынан бері кәмелетке толмағандар арасында жасалатын қылмыстар 18 пайызға төмендеді ? ІІМ

None
None
АСТАНА. Мамырдың 18-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Жыл басынан бері кәмелетке толмағандар арасында жасалатын қылмыстар 18 пайызға төмендеген.
Қылмыстың алдын алу ісінде мектеп инспекторлары институты өзін-өзі ақтап отыр. Олар педагогтармен және ата-аналармен біріге отырып, ішімдікке салынып, есірткіге елітудің және жасөспірім оқушылар арасындағы қылмыстардың алдын алумен айналысуда. Бұл мәселе жөнінде бүгін журналистермен болған брифингте Ішкі істер министрлігінің Тіл саясаты және ақпарат департаментінің бастығы Қуанышбек Жұманов баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оның айтуынша, қазіргі таңда республика мектептерінде 1,5 мыңға жуық мектеп инспекторлары жұмыс істейді. Олар Алматы мен Астана қалаларындағы барлық мектептерде енгізілген. Енді оларды барлық ауылдық және қалалық мектептерге енгізу шаралары жүзеге асырылуда.
Соңғы жаңалықтар
telegram