Жыл басынан бері қаржы полициясы қызметкерлеріне пара беру фактілері бойынша 23 қылмыстық іс қозғалды

АСТАНА. 2 қазан. ҚазАқпарат - Жыл басынан бері Қазақстанда қаржы полициясы қызметкерлеріне пара беру фактілері бойынша 23 қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің ресми өкілі Мұрат Жұманбай мәлім етті.
None
None

«Бүгінде біздің қызметкерлер тарапынан заң бұзушылықтар санынның төмендеп отырғандығын айта аламыз. Сонымен қатар жемқорлыққа қарсы табандылығымен көзге түскен қызметкерлер саны да артуда. Өткен жылы қаржы полициясы қызметкерлеріне пара беру фактісі бойынша 12 қылмыстық іс қозғалды, яғни полицейлерге пара ұсынғанымен, олар одан бас тартып, бұл фактілерді хабарлап отырды. Биылғы сегіз айда біз осындай 23 қылмыстық іс қозғадық», - деді ресми өкіл.

Осы орайда ол бірінші кезекте қаржы полициясының қызметкерлері пара беру жемқорлық қылмысына жататынын және бұндай әрекет үшін қатаң шара қабылданатындығы жайында ескертетінін айтып өтті.

«Егер де азаматтар тарапынан пара беру туралы ұсыныстары тыйылмаса, онда пара берушілерді қылмыстық жауапқа тарту үшін бұл құқыққа қайшы әрекеттерді құжаттандыру бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізіледі», - деді М. Жұманбай.

Соңғы жаңалықтар