10:44, 16 Қараша 2011 | GMT +5
Жыл басынан бері Қазақстан халқы 1,1 пайызға өсті
АСТАНА. 16 қараша. ҚазАқпарат - Жыл басынан бері Қазақстан халқы 1,1 пайызға өсті, деп хабарлады ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметінен
Ведомствоның атап өтуінше, 2011 жылғы 1 қазанда еліміздегі халық саны ағымдағы деректер бойынша 16615,1 мың адамды құрады. Оның ішінде қала тұрғындары - 9073,8 мың (54,6%), ауыл тұрғындары - 7541,3 мың адам (45,4%). Жыл басымен салыстырғанда жалпы ел бойынша халық саны 173,1 мың адамға немесе 1,1%-ға көбейді.
«Ағымдағы жылғы қаңтар-қыркүйекте республика халқының табиғи қозғалысы 170,6 мың адамды құрады (2010 жылғы қаңтар-қыркүйекте - 164,8 адам). Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 халыққа 13,7 (13,5) адамды құрады», - делінген хабарламада.