Жыл басынан бері Қазақстандағы инфляция 6,5 пайызды құрады
Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында биылғы он айдың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы бойынша баяндама жасаған Экономикалық даму және сауда министрі Қайрат Келімбетов мәлім етті.
«Жыл басынан бергі кезеңде тұтынушы тауарлары мен қызмет көрсетуге баға көрсеткіштері 6,5 пайызға артты. Бұл өз кезегінде өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 0,3 пайыздық пунктке жоғары», - деп атап өтті министр.
Инфляцияны құраушылардың ішінде көбінесе бағаның өсімі азық-түлік тауарларының үлесінде (8 пайыз). Ақылы қызметтердің құнының өсімі 6,7 пайызды, ал азық-түлік емес тауарларының өсімі 4,4 пайызды құрады.
Ведомство басшысының айтуынша, ішкі нарықтағы бағаның өсімі негізінен, әлемде азық-түлік және энергия ресурстарының қымбаттауы үрдісімен түсіндіріліп отыр.