Жыл басынан бері қазақстандықтар 195 млрд. теңге зейнетақы алған

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2015 жылғы ақпан - наурыз айларында республикалық бюджеттен базалық зейнетақы төлеу үшін 43,7 млрд. теңге, ортақ зейнетақы төлеу үшін 151,3 млрд. теңге бөлінді.
None
None

Қазіргі кезде базалық зейнетақыны 1 млн. 952 мың адам, ортақ зейнетақыны 1 млн. 918 мың адам алады.

Базалық зейнетақының мөлшері 11 мың. 182 теңгені, базалық зейнетақы төлемдері ескеріліп зейнетақының орта мөлшері 50 мың. 725 теңгені құрайды, деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар