Жыл басынан бері Қазақстанның химия өнеркәсібіне 11,5 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды

ТАНА. 3 тамыз. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Жыл басынан бері Қазақстанның химия өнеркәсібіне 11,5 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды.

Жыл басынан бері Қазақстанның химия өнеркәсібіне 11,5 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды

«Қазақстанның Даму банкі» АҚ-ның сараптау тобы ҚР химия өнеркәсібіне салалық шолуда осындай деректі келтіріп отыр. Бұл туралы аталған банктің баспасөз қызметінен хабарланды.

Келтірілген мәліметтерге қарағанда, соңғы 5 жылда химия өнеркәсібіне ең көлемді инвестиция 2009 жылы тартылып, бұл көрсеткіш 31,5 млрд. теңгеден асқан болатын. Ал 2010 жылы салаға тартылған инвестиция көлемі 21,5 млрд.-тан астам теңгені құраған, оның шамамен 14 пайызы шетелдік инвестиция еншісінде. Осы жылдың бірінші жарты жылдығында салаға құйылған инвестиция көлемі 11,5 млрд теңгеден асты. Сарапшылар бұл көрсеткіш бұдан әрі өседі деп күтуде.

«Химия саласы «Өнімділік 2020» бағдарламасында басым салалардың қатарына кіреді. ҚДБ бұл саладағы екі жобаны қаржыландырды, тағы біреуі - қаржыландырылуда, несие комитетінің қарауына тағы да төртеуі жолданды. Олардың екеуі фармацевтикалық салаға қатысты», - дейді «Қазақстанның Даму банкі» АҚ индустриялық саясат департаментінің директоры Жанат Мырзабеков.
Бұл ретте 2010 жылы химия өнеркәсібінде өнімнің нақты көлемінің индексі 2009 жылмен салыстырғанда 61,4 пайызға өскен. Алайда, сала көрсеткіші сапа емес, саны жағынан ғана ұлғайды. Жалпы қосылған құн үлесі әлі де төмен болып тұр (2.4 пайыз), осынын салдарынан отандық химия өнеркәсібі өнімнің ақырғы шегі деңгейінің төмендігінен миллиондаған табыстан айырылып жатыр.

«Бүгінгі таңда республикада химия өнімдерін өндіретін шамамен 44 кәсіпорын бар. Осы шартта, өнімнің анағұрлым үлкен үлесі (85 пайыз) тыңайтқыш, азоттық қосылыстар, пластмасса және бастапқы формадағы синтетикалық каучук өндірісінде. Кәсіпорындардың жалпы санының тек үштен бірін ғана сарапшылар инновациялық белсенділер қатарына жатқызады, ал инновациялық өнім көлемі шамамен 8 пайызды құрайды. Қазақстан негізінен шегі төменгі деңгейдегі өнімді импортқа шығарады, керісінше, шегі анағұрлым жоғары өнімді елге импорттайды. Қазақстандық химия өнеркәсібі өнімі тұтынушылардың басты үлесі алыс шет елдерге тиеді - 78 пайыз, ал ТМД елдері үлесінде - 22 пайыз», - делінген баспасөз айғағында.