Жыл басынан бері «Нұр Отанның» қоғамдық кеңесіне 100-ден астам арыз-шағым түсті - Т.Садықов

АЛМАТЫ. Ақпанның 17-сі. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ -Жыл басынан бері «Нұр Отан» ХДП Алматы қалалық филиалы жанындағы жемқорлықпен күрес жөніндегі қоғамдық кеңеске 100-ден астам арыз-шағым келіп түскен.
None
None
Бұл туралы бүгін жемқорлықпен күрес жөніндегі қоғамдық кеңес төрағасы Тоқмұқамед Садықов пен қала прокурорының орынбасары Бағбан Тайымбетовтің азаматтарды бірлескен қабылдау шарасында мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Тоқмұқамед Садықовтың айтуынша, ол арыз-шағымдардың көпшілігі азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуы, бірінші сатыдағы соттардың заңсыз әрі дәлелсіз шешім шығаруына байланысты. Осы шағымдар бойынша бүгін жемқорлықпен күрес жөніндегі қоғамдық кеңес төрағасы Тоқмұқамед Садықов пен қала прокурорының орынбасары Бағбан Тайымбетов 20 тұрғынды қабылдады. Олардың көпшілігінің шағымы сот шешімдерінің орындалмауы мен құқықтарының бұзылуы туралы болды. Бағбан Тайымбетовтің айтуынша, әрбір арыз-шағым назардан тыс қалмайды. «Өткен жылдың 22-ші қазанында жемқорлықпен күрес жөніндегі қоғамдық кеңес пен қала прокуратурасы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған болатын. Осы меморандумға сәйкес азаматтарды қабылдау алдағы уақытта да жалғасын табады және әр арыз қала прокуратурасы мен қоғамдық кеңестің бақылауында болады», дейді Тоқмұқамед Садықов.
Соңғы жаңалықтар