Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Жыл басынан бері Павлодар облысында алаяқтықтың 422 фактісі тіркелді

ПАВЛОДАР. 17 тамыз. ҚазАқпарат - Белгісіз ер адам алдау жолымен 50 мың теңге қағып кеткен - мұны 15 тамыз күні полиция қызметіне келген павлодарлық зейнеткер әйел айтып келді, деп хабарлады ІІД-нің баспасөз қызметінен.

Жыл басынан бері Павлодар облысында алаяқтықтың 422 фактісі тіркелді

Тергеу-жедел тобы әйелдің үйінің телефонына өзін полиция қызметкерімін деп таныстырған ер адам хабарласқанын анықтады. Ол әйелдің баласы көлігімен адамды қағып кетіп, ұсталғанын айтты. Оны жіберу үшін - 50 мың теңге ақша салынған пакетті балконнан түсіріп, ешкімге хабарламау керек деп қосты. Шошынған әйел алаяқтың айтқанын бұлжытпай орындады. Кейін үйіне келген қызы ағасына хабарласып, оның ешқандай оқиғаға ұшырамағанын білді.

Телефон алаяқтығы көп тараған қылмыс түрлерінің бірі.

Кейде қылмыскерлер өздерін әлеуметтік қызметкерлер деп таныстырады. Биыл Павлодарда 30 қылмыс жасаған осындай төрт «әлеуметтік қызметкер» ұсталды.

Жыл басынан бері Павлодарда алаяқтықтың 422 фактісі тіркелді.