Жыл басынан бері павлодарлық полицейлер жол қозғалысы ережелерінің 67 мың бұзушылығын анықтады

ПАВЛОДАР. 10 желтоқсан. ҚазАқпарат - Жыл басынан бері Павлодар облысындағы жол полициясының бөлімшелері жол қозғалысы ережелерінің 67 105 бұзушылығын анықтады,
None
None

деп хабарлады ІІД-нің баспасөз қызметінен.

 Көлікті мас күйінде жүргізгені үшін 3523 жүргізуші жауапкершілікке тартылды. 3539 жаяу жүргінші жолдан белгіленбеген жерлермен өткен.

 Қауіпсіздік белдіктерін тақпаған 6258 жүргізуші анықталды. 1039 көлік бағдаршамның қызыл түсін ескермесе, тағы 47 жүргізуші апатты жағдай жасады. Жылдамдық режимін арттырудың 10 217 оқиғасы тіркелді.

 Жол полициясы әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы 61 131 қаулы шығарып, жол қозғалысы ережелерін бұзушыларға 417 млн. теңге көлемінде айыппұл салды. 47 156 қаулы бойынша 296 млн. теңгеге айыппұл төлетілді.

Соңғы жаңалықтар