Жыл басынан бері Жамбыл облысы ІІД күзет арнайы қызмет басқармасының қызметкерлері 65 қылмыстың ізін ашқан

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Шілденің 15-і. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Жыл басынан бері Жамбыл облысы ІІД арнайы мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкерлері 65 қылмыстың ізін ашқан.
None
None

ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Роза Қалдыбекованың мәліметтері бойынша, бүгінгі таңда жеке батальондар облыс орталығындағы 29 нысанды күзетеді.

«Жеке батальон полиция қызметкерлері нысанды күзетіп қана қоймай, ізі суымаған қылмыстарды ашады, әр түрлі алдын алу шараларына қатысады», - деп түсіндірді ол.

Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша күзет қызметінің 45 қызметкері әртүрлі марапаттар мен сыйлықтар алған.

Соңғы жаңалықтар