16:29, 19 Қаңтар 2009 | GMT +5
Жыл басынан бері жол полициясы қызметкерлеріне 8 рет пара беру әрекетінің жолы кесілді ? Б.Қожахметов
АСТАНА. Қаңтардың 19-ы. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Жыл басынан бері жол полициясы қызметкерлеріне 8 рет пара беру әрекетінің жолы кесілді. Бұл мәліметтермен бүгін журналистермен болған брифингте Ішкі істер министрлігінің Тіл саясаты және ақпарат департаментінің бастығы Бағдат Қожахметов тыныстырды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оның айтуынша, қаңтардың 10-і күні Тараз қалалық Ішкі істер департаментінің Өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері әкімшілік хаттама толтырмау үшін жүргізушіден 10 мың теңге көлемінде пара алмақ болған жол полициясы инспекторын ұстаған. Осы сияқты әрекеттер Петропавл мен Қарағанды облысының Сарань қаласында да тіркелген. «Сондай-ақ өзіндік қауіпсіздік қызметінің өкілдері Семей қалалық Ішкі істер басқармасының Әуезов аудандық полиция бөлімінің жедел уәкіліне қатысты да қылмыстық іс қозғады. Жедел уәкіл ұрлық жасау фактісіне қатысты бірқатар істерді мойындату мақсатында күдікті азаматты соққыға жыққан» дейді департамент бастығы.