Жыл ішінде ОҚО-да 484 мектепке дейінгі білім беру нысандары салынды - «Балапан» бағдарламасының жоспары асыра орындалды
Білім басқармасының мәліметтері бойынша, 198 балабақша мен шағын орталықтарды салу көзделген.
«Жыл қорытындысы бойынша нақты сан 484 нысанды құрады. Нәтижесінде бүгін ОҚО-да мектепке дейінгі білім берудің 904 нысаны істеп жатыр, оларда 88,5 мың бала тәрбиеленуде, бұл мектепке дейінгі балалардың жалпы санының 54,6 пайызын құрады.
Биыл ашылған нысандардың ішіндегі 12-сі республикалық, екеуі - облыстық және тағы бесеуі - аудандық және қалалық бюджет қаражатына, бесеуі бұрынғы балабақша ғимараттарын қайтару арқылы, 21-і - балабақша үшін бос ғимараттарды беру, үшеуі - ғимараттарды жалға алу арқылы салынды. 373 мектепте шағын орталықтар құрылды, кәсіпкерлер көмегімен сондай-ақ 10 шағын орталық және 53 балабақша ашылды.
Бүгінде жұмыс істеп жатқан нысандардың ішінде 376-сы - мемлекеттік және жекеменшік балабақшалар, 528-і - мектеп жанындағы шағын орталықтар. Басқармада оңтүстік бизнесмендерінің «Балапан» бағдарламасын іске асырудағы белсенділігін атап өтті: 84 жекеменшік балабақша мен шағын орталықтарда мемлекеттік тапсырыс бойынша 9 мыңнан астам бала тәрбиеленуде.
Мектепке дейінгі білім беруді дамыту соңғы үш жыл ішінде мұндай көрініс тапқан: 2009 жылы ОҚО-да 244 мектепке дейінгі білім беру нысаны жұмыс істеді, олар алты жасқа дейінгі балалардың 28,5 мың (13, 5%) қамтыды. 2010 жылы көрсеткіш 420 нысан және мектепке дейінгі жастағы балалардың 30 пайызына дейін өсті. «2009 жылмен салыстырғанда мектепке дейінгі білім беру нысандарының саны 660-қа дейін, ондағы балалар саны - шамамен 60 мыңға дейін өсті», - деп атап өтті білім басқармасында.