Жыл қорытындысы бойынша «Самұрық-Қазына» 400 млрд. теңгеге жуық шоғырландырылған пайда көруді жоспарлап отыр

АСТАНА. 24 қаңтар. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - 2010 жылдың қорытындысы бойынша «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қоры 400 млрд. теңгеге жуық қаржы көлемінде шоғырландырылған пайда көруді жоспарлап отыр.
None
None

Бұл туралы бүгін Астанадағы алқа мәжілісінде қордың Басқарушы директоры Нұрлан Рахметов мәлім етті.

«Екінші деңгейлі банктердің (БТА банк) және (Альянс банк) теріс ықпалының мүмкіндігін ескере отырып, қор оған қарамастан 2010 жылдың қорытындысы бойынша 400 млрд. теңгеге жуық табыс жасайды деп жоспарлап отыр»,-деп атап өтті Н. Рахметов.

Басқарушы директордың сөзіне қарағанда, бұл көрсеткіш аталған банктердің қарыздарын қайта құрылымдаумен, сондай-ақ қор тобындағы компаниялардың тиімділігін арттыру бойынша жүйелік жұмыстардың арқасында және екінші деңгейлі банктердің қаржылық тұрақтылығына байланысты.

Атап айтқанда, жалпы қордың 12 ірі компаниясы бойынша таза кіріс тұрғысында жалпы жоспар толығымен орындалған. Алдын ала мәліметтер бойынша бұл көрсеткіш 169 пайызға жетіп отыр. 2009 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіштер үш есеге артты. Н. Рахметовтің айтуынша, «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қорының жоспары бойынша 2011 жылдағы жалпы табыс 340 млрд. теңгені құрамақ. Бұл көрсеткіштің төмендеуі мұнай бағасының аразандауына байланысты болып отыр.

Соңғы жаңалықтар