Жыл соңына дейін жеке басты куәландыратын құжаттарды қайта шығару «е-қызмет» арқылы жүзеге асады

АСТАНА. 15 мамыр. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың соңына дейін жаңа «е-қызметтерді» іске қосу жоспарлануда.
None
None

Олардың қатарында жеке басты куәландыратын құжаттарды қайта шығару қызметі бар. Бұл туралы Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметінен хабарланды.

Бүгінгі күні Қазақстанда «электрондық үкімет» жобасы аясында 2000-нан астам ақпараттық, 225 интерактивті және транзакциялық қызметтер көрсетілуде. Бұдан бөлек, күн сайын 25000 пайдаланушы «e-Gov» порталын пайдаланады. Сонымен қатар, осы уақытқа дейін 1 млн. астам электрондық сандық қолтаңба (ЭЦҚ) берілді. Осы қолтаңбаның көмегімен азаматтар интернет арқылы мемлекеттік қызмет көрсетулерді алады. «Е-қызметтердің ішінде ең көп сұранысқа ие  айыппұл мен салық төлеу, жылжымайтын мүліктің жоқтығы туралы, зейнетақы салымдары туралы анықтама және тағы басқалары болып отыр. Ал ағымдағы жылдың соңына дейін жаңа «е-қызметтерді» іске қосу жоспарлануда. Олардың қатарында жеке басты куәландыратын құжаттарды қайта шығару қызметі бар», - делінген баспасөз айғағында.

Соңғы жаңалықтар