Жыл спортшысы - теннисші Серена Уильямс

АСТАНА. Желтоқсанның   24-і. ҚазАқпарат -  Американдық теннисші Серена  Уильямс   жылдың      үздік спортшысы   атанды.  Бұл туралы  РСН  агенттігі  хабарлайды.
None
None

Бұл атақ    әлемнің     бірінші   ракеткасына    американдық  газет редакторларының арасында жүргізілген   сауалнаманың       қорытындысы  бойынша беріліп  отыр.

Ал   өзінің спорттық    жолында  бірде-бір рет  жеңілмеген     Зиньятта  атты   сәйгүлік      рейтингте екінші    орын  алса,  ал   үшінші  орын -   тағы бір теннисші қызға  -  бельгиялық  Ким   Клийстерске бұйырды.

Ал Аргентина  құрамасының  және  испандық «Барселона» клубының ойыншысы  Лионель  Месси  ФИФА  нұсқасы  бойынша  жыл   ойыншысы  деп танылғанын  бұдан бұрын хабарлаған болатынбыз.  Бұл  Мессидің  мұндай  алғашқы   наградасы.    Былтыр  ол,  қорытындысы  бойынша  аталмыш  жүлденің   иегері анықталатын   жаттықтырушылар  мен  ұлттық команда капитандарының арасындағы сауалда  екінші    аталып,  бірінші  орынды    португалдық  Криштиану Роналду  иеленген еді.

Соңғы жаңалықтар