Жылдың алғашқы екі айында өңірде ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі 351,4 млн. теңгені құрады

АҚТАУ. Сәуірдің 1-і. ҚазАқпарат /Жетібай Шаханұлы/ - 2009 жылдың қаңтар-ақпанында облыс бойынша ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі ағымдағы бағамен 351,4 млн. теңгені құрады, ал салыстырмалы бағада – 311,8 млн.теңге,

Жылдың алғашқы екі айында өңірде ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі  351,4 млн. теңгені құрады
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық статистика департаментіне сілтеме жасап. Мал мен құс етінің барлық түрін өндіру өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда азайып, сол кезеңдегі өнімнің 99,2 пайызын құрады. Сүт өндіру 3,4 пайыз артып, жұмыртқа өнімі кеміді, ол былтырғы өнімнің 92,6 пайызына жетті.Осы жылдың 1 наурызындағы мәліметтер бойынша, облыста қазір 9965 бас ірі қара, 3900771 бас қой, 83188 бас ешкі, 552 бас шошқа, 39674 бас жылқы, 41327 бас түйе, 10378 құс бар.