Жылдың басынан бері Екібастұзда жол-көлік оқиғаларында 14 адам көз жұмды
деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметінен.
Жолдарда 10 мыңнан астам әкімшілік заңбұзушылықтар анықталды, деп баяндады Екібастұз Ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары Данияр Сыздықов қалалық әкімдікте өткен жиналыста. 85 іс сотқа жіберілді, рульге мас болып отырғандары үшін 111 жүргізуші қамауға алынды, 496 жүргізуші куәліктерінен айрылды. Салынған айыппұлдардың сомасы 48 миллион теңгеден астамды құрады.
Статистикалық талдау көрсетіп отырғандай, жол апаттарының негізгі себептерін - жүргізушілердің белгіленген қозғалыс жылдамдығын бұзу фактілері құрап отыр. Бірақ та инспекторлар ондай «желіккендерге» бірде-бір материал толтырмаған - себебі қалада қозғалыс жылдамдығын тіркегіштер жоқ.
Жолдар мен қозғалысты реттейтін техникалық құралдарды тексерудің нәтижесі бойынша полиция қызметкерлері 111 ұйғарым енгізіп отыр. Жер қазу жұмыстарын, жолдар мен теміржол өткелдерінде жұмыс істеу ережелерін бұзғандары үшін сегіз лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Ағымдағы жылы Екібастұзда 125 жол белгісі қалпына келтіріліп, 19 жаңа белгі орнатылды. 30 мың шаршы метр жолүсті белгілері салынды.