Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Жылу беру компаниясына берілетін электр қуатына шектеу енгізілмек - Шығыс Қазақстан

ӨСКЕМЕН. Шілденің 30-ы. ҚазАқпарат  /Людмила Малько/ - «Шығысэнерготрейд» компаниясы   миллиондаған    берешегі бар  «Жылукоммунэнерго»   кәсіпорнына  берілетін электр   қуатына кешеден бастап   шектеу енгізді,  

Жылу  беру компаниясына берілетін   электр қуатына шектеу енгізілмек - Шығыс Қазақстан

деп    хабарлады компанияның баспасөз қызметінен.

Жылу   беруші компанияның   энерготрейдерлердің алдындағы   қарызы  131  миллион теңгеден  асады.  Бұл берешектің   ішіне   «Жылукоммунэнерго»  кәсіпорны  өз  мойнына алған  «Семей су арнасы»  кәсіпорнының «Шығысэнерготрейдтің» алдындағы    66 миллион теңге қарызы    да кіреді.  Осының алдында ғана   жылу компаниясы  мен    энерготрейдерлердің арасында     қарызды  өтеу   кестесіне  қол қойылған болатын,  бірақ  энергетиктердің айтуынша,   өкінішке  орай,     кесте  шарттары бұзылуда.  Осыған  байланысты     борышкер  кәсіпорынның атына    ажыратуға  болатын нысандарды көрсету  туралы  өтінішпен   электр қуатының  жеткізіліміне  шектеу   енгізілетіндігі туралы ескерту  жолданды.

Қарыздар өтелмесе,  «Шығысэнерготрейд» компаниясы  тамыздың  4-інен бастап  энергияны    көп тұтынатын  нысандарға электр  қуатының  берілуін  шектемек.