Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Жылу орталығы қызметкерлерінің алашақ жалақылары төленді

ҚЫЗЫЛОРДА. Сәуірдің 10-ы. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ – Қызылорда қалалық прокуратурасы үстіміздегі жылдың ақпан айында «Қызылорда жылу-электр орталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында жүргізген тексеруі нәтижесінде бірқатар еңбек заңнамаларының сақталмағандығын анықтады,

Жылу орталығы қызметкерлерінің алашақ жалақылары төленді
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Өткен жылдың желтоқсан айына «Қызылорда жылу-электр орталығы» мекемесінің 621 қызметкеріне 27 млн. теңге жалақылары заңсыз төленбей, олардың конституциялық құқықтары бұзылған. Тексеру жүргізген қалалық прокуратура үстіміздегі жылдың ақпан айында кәсіпорын директоры Н.Сатхановтың атына қызметкерлердің тиісті жалақыларын дереу төлеуге шаралар қолдану жайлы ұйғарым енгізді. Міне енді ұйғарым қанағаттандырылып, олардың тиісті жалақылары төленді.