Жылжымайтын мүлікке берілетін электрондық анықтамаларды жыл соңына дейін аудандық жерлерде де алуға болады - конференция
![None None](/static/img/plug.webp)
Ал жыл соңына дейін аталмыш құжаттарды электронды түрде аудандарда да алуға болатын жағдай қалыптасады. Бұл туралы бүгін Астанада В-news порталы арқылы өткен интернет-конференция барысында Әділет министрлігінің тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті төрағасының орынбасары Олжас Бектенов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның сөзіне қарағанда, Әділет министрлігі тарапынан электрондық анықтамалар пайдалану мәселесіне қатысты кең ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізілген. Бұл мәселеден қазір мемлекеттік органдардың барлығы хабардар. Сондықтан электрондық анықтамаларды қажетті органдардың барлығы толық қабылдаулары қажет. Ал оны қандай да бір орган қабылдамаған жағдайда азаматтар министрлікке хабарлағандары дұрыс. «Біз бұл мәселеге қатысты әрбір істі жан-жақты тексеріп, анық-қанығына жетеміз. Қазіргі таңда барлық құзырлы органдар электрондық анықтамалардың не екенін және күмәнді жағдайда оларды қалай тексеру қажеттігін жақсы біледі», деді комитет төрағасының орынбасары.