Жылжымайтын мүлікті жедел тіркеу үшін төленетін сома 28-ден 5 айлық есептік көрсеткішке дейін қысарады - интернет конференция

амырдың 25-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Әділет министрлігі жылжымайтын мүлікті тіркеу мерзімін айтарлықтай қысқартты.
None
None

Бұрындары жылжымайтын мүлік тиісті заң талаптары бойынша 15 жұмыс күнінің ішінде тіркелуі керек болса, қазір біз Үкіметпен бірлесіп, мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырудың арнайы стандарттарын бекіттік. Оған сәйкес, 5 жұмыс күнінің ішінде жылжымайтын мүлікке қатысты құжатты дайын күйінде алуға болады.

Бұл туралы бүгін Астанада В-news порталы арқылы өткен интернет-конференция барысында Әділет министрлігінің тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті төрағасының орынбасары Олжас Бектенов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның сөзіне қарағанда, жылжымайтын мүлікті тіркеудің тағы жеделдетілген түрі бар. Ол әрине ақылы. Алайда біз жеделдетілген тіркеу шаралары үшін төленетін қаржының көлемін де қысқартуды жоспарлап отырмыз. «Бүгінде мүлікті жеделдетіп тіркеу үшін жеке тұлғалардың төлейтін қаржысы 28 айлық есептік көрсеткішке, яғни
40 мың теңгеге тең болса, болашақта біз оны елдің негізгі макроэкономикалық көрсеткіштеріне негіздей отырып, 5 айлық есептік көрсеткішке дейін қысқартуды ұсынып отырмыз. Бұл - 7 мың теңге. Меніңше, 7 мың теңге - мүлкін жедел тіркегісі келген кез-келген азаматқа қолжетімді сома», деді комитет төрағасының орынбасары.

Соңғы жаңалықтар