01:03, 06 Қаңтар 2016 | GMT +5
Зидан «Реалдың» бапкері ретінде бірінші жаттығуын өткізді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мадридтік «Реал» футбол клубының алты мың жанкүйері оның жаңа бас бапкері Зинедин Зиданның командадағы бірінші рет өткізген ашық жаттығуына барды.

Жаттығудан соң Зидан өзінің жаңа лауазымындағы алғашқы баспасөз мәслихатын өткізді. Мұнда ол бұдан бұрын БАҚ-тарда жарияланған өзінің клубпен екі жарым жылға келісімшарт жасасқандығын растады.
Зидан Чемпиондар лигасында жеңіске жетуге мүмкіндік мол екендігін және көздеген мақсат үшін бар күш-жігерін жұмсайтындығын атап өтті.