Zielinski Rozen, Duracell, Lego және Apple: Алматыда танымал брендтердің көшірмесі тәркіленді

АЛМАТЫ. KAZINFORM – 2024 жылдың басынан бастап әділет органдары жалпы сомасы 58,2 млн теңге болатын 50 мың контрафактілік өнімді заңсыз айналымнан алды. Олардың қатарында бірнеше әлемге танымал брендтердің көшірмесі де бар.

Apple
Фото: pixabay.com

Алматы қаласы Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқықтары бөлімінің басшысы Еркебұлан Жетпісбаевтың айтуынша, 2024 жылдың басынан бері департамент қызметкерлері 109 жоспардан тыс тексеру жүргізген.

Алматыда танымал брендтердің көшірмесі тәркіленді
Фото: Алмат ӨКҚ

– Нәтижесінде жалпы сомасы 58,2 миллион теңгеге 50 мыңнан астам контрафактілік өнім тәркіленді. Біз тәркілеп жатқан контрафактілік өнім экономикаға ғана емес, азаматтарымыздың денсаулығына да қауіп төндіреді. Біз нарықтың барлық қатысушылар үшін қауіпсіз және адал болуын қамтамасыз ету үшін жұмыс істеуді жалғастырамыз. Әрбір тауардың артында бренд, әрбір брендтің артында оның иелерінің құқықтары мен күш-жігері тұр, – деп атап өтті Е. Жетпісбаев.

Департаменттің зияткерлік меншік құқықтары бөлімінің бас маманы Алмас Бекботаев контрафактілік өнімдерді, соның ішінде әлемдік брендтерді қолдан жасайтын тауарларды тәркілеу туралы айтып берді.

Алматыда танымал брендтердің көшірмесі тәркіленді
Фото: Алмат ӨКҚ

– Тәркіленген тауарлардың қатарына Lego, Zielinski Rozen, Duracell, Perkins, WD-40, Puma, Apple және басқа да танымал брендтердің өнімдері жатады. Атап айтқанда, құны 13,1 миллион теңге болатын Lego өнімінің 10 221 данасы, сондай-ақ 9,6 миллион теңгеге Zielinski Rozen өнімінің 1838 бірлігі тәркіленді,– деп атап өтті департамент өкілі.

Сондай-ақ ол Шымкент қаласының Әділет департаментімен және құқық қорғау органдарымен бірлескен арнайы операция белгілі шоколад батондар брендінің атын жамылған 48 000 бірлік контрафактілік өнімді тәркілеуге мүмкін болғанын атап өтті.

Алматыда танымал брендтердің көшірмесі тәркіленді
Фото: Алмат ӨКҚ

— Бұл көрсеткіштер билік арасындағы өзара әрекеттесудің жоғары деңгейін көрсетеді. Біз командада жұмыс істеген кезде тұтынушылар мен заңды өндірушілерді қорғауда айтарлықтай жетістіктерге жете аламыз, — дейді спикер.

Сондай-ақ ұсақ, бірақ маңызды заңбұзушылықтарға ерекше назар аударылды. Мысалы, 4 миллион теңгеге 421 Perkins ауылшаруашылық бөлшектері және 400 мың теңгенің 2 158 Duracell батареясы тәркіленді.

Соңғы жаңалықтар