Зілзаладан зардап шеккен Гаитиге Ресей көмек жөнелтті

АСТАНА. Қаңтардың 14-і. ҚазАқпарат - Зілзаладан зардап шеккен Гаитиге көмек көрсету үшін Ресей Төтенше жағдайлар министрлігінің үш ұшағы аттанды.
None
None

Олар аралға құтқарушылар, дәрігерлер, жедел госпитальдер, сондай-ақ екі тікұшақ пен жол талғамайтын автокөліктер жеткізеді, деп хабарлады «Азаттық» радиосы.

Гаитиге Қытай мен Венесуэладан құтқарушылар жетті. АҚШ, Франция, Ұлыбритания және басқа да бірқатар елдер көмек жөнелтуде.

Халықаралық Қызыл Крест ұйымының бағалауы бойынша, Гаитидің 3 миллионға жуық тұрғыны жедел көмекке мұқтаж.

Соңғы жаңалықтар