Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Зимбабведе паром апатқа ұшырап, 72 адам көз жұмды

АСТАНА. KAZINFORM — Зимбабведегі Кариба су қоймасында 11 тамыз күні паром апатқа ұшырады. Салдарынан 72 адам мерт болды, деп хабарлайды БелТА.

Зимбабведе паром апатқа ұшырап, 72 адам көз жұмды
Фото: ZBC News

Қазір оқиға орнында іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып,  қаза тапқандарды туыстары арқылы анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Паромда нақты қанша адам болғаны әзірге белгісіз. Себебі кемеге ата-анасымен бірге жүрген балалар билетсіз кіргізілген.

Алдын ала мәлімет бойынша қатты жел мен толқын салдарынан паром тереңдігі 50 метрден асатын су қоймасында аударылып кеткен. Кемеде 160-тан астам адам болуы мүмкін. Олардың 77-сі құтқарылды.

Айта кетейік, жуырда Индонезия жағалауында 250 адам мінген паром өртенді