Зияткерлік меншік құқықтары заңмен реттеледі

АСТАНА. Ақпанның 24-і. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бойынша қорытынды шығарды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Бұл заң жобасының мақсаты ? «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» заңын әдеби және көркем туындыларды қорғау жөніндегі Берн конвенциясының ережелеріне сәйкестендіру, заңның өзіндегі ішкі қарама-қайшылықтарды жою. Және де Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кірген жағдайда зияткерлік меншік құқықтарының сауда аспектілері туралы келісімге Қазақстанның қосылу мүмкіндігін қамтамасыз ету болып табылады.Атап айтқанда, көрсетілген өзгерістер мен толықтырулар қорғалатын объектіге қол жеткізуді бақылайтын, құқық иеленуші рұқсат етпеген әрекеттердің жасалуына жол бермейтін немесе шектейтін техникалық құралдарға қатысты болып отыр.Заң жобасы мемлекеттік органдардың, қоғамдық және өзге де ұйымдардың ұсыныстары негізінде зияткерлік меншікті қорғаудың әлемдік жүйесін дамыту үрдісі ескеріліп әзірленген.
Соңғы жаңалықтар