Абай Қабатайұлы Байгенжин
«Ұлттық ғылыми медицина орталығы» АҚ Басқарма төрағасы
Өмірбаяны
«Бурабай» республикалық шипажайында өкпе хирургі (1970–1971)
Алматы облыстық туберкулез диспансерінде хирург-дәрігері (1971)
Талғар қаласындағы облыстық туберкулез ауруханасында хирург-дәрігері (1973–1975)
КСРО Денсаулық сақтау министрлігінің Орталық туберкулез ғылыми-зерттеу институтында «Хирургия» мамандығы бойынша клиникалық ординатурада білім алды (1975–1977)
Талғар қаласындағы облыстық туберкулез ауруханасында хирург-дәрігері (1977–1978)
Алматы қалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасы бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары (1978–1983)
Қазақ КСР Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы 4-бас басқаруға қарасты «Алатау» шипажайының бас дәрігері (1983–1988)
Алматы өңірлік консультациялық-диагностикалық орталығының директоры (1988–1993)
«Алматымедпром» сыртқы экономикалық қауымдастығының бас директоры (1993–1994)
«Космос» мемлекеттік аэроғарыш компаниясының медицина мәселелері жөніндегі вице-президенті (1994–1997)
Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Міндетті медициналық сақтандыру қорының (Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігінің Медициналық қызметтерге ақы төлеу орталығы) бас директорының орынбасары (1997–1999)
Астана қаласындағы 240 орындық аурухана кешенінің құрылысы бойынша кәсіпорынның директоры (1999–2000)
«Ұлттық ғылыми медицина орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры (2000–2010)
«Ұлттық ғылыми медицина орталығы» АҚ Басқарма төрағасы (08.2010 бастап)
Білімі
Алматы мемлекеттік медицина институтын «Емдеу ісі» мамандығы (1970)
Женева қаласында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының денсаулық сақтау ұйымдастырушыларына арналған халықаралық курстарын аяқтап, «Халықаралық денсаулық сақтаудың магистрі» атағын алды (1981)
Медицина ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін қорғады (1978)
Медицина ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алды (1995)
Медицина ғылымдарының профессоры
«Халықаралық денсаулық сақтау ісінің үздігі» құрметті атағының иегері (1981 жылдан)
Еуропа жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы президиумының мүшесі
«Еуропаның денсаулық сақтау саласындағы үздік топ-менеджері» құрметті атағының иегері
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының арнайы сыйлығының лауреаты
Марапаттары
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2002)
«Парасат» ордені (2007)
Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын Барыс» төсбелгісі табысталған Құрмет грамотасы (2011)
ІІІ дәрежелі «Барыс» ордені (2012)
ІІ дәрежелі «Барыс» ордені (2018)
Әл-Фараби атындағы Қазақстан Республикасының ғылым және техника саласындағы мемлекеттік сыйлығы – «Клиникалық медицинаға инновациялық жасушалық технологияларды әзірлеу және енгізу» тақырыбындағы жұмысы үшін (2020)
«Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері» құрметті атағы (2024)
«Астана» медалі (1998)
«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» медалі (2001)
«Астанаға 10 жыл» медалі (2008)
«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» медалі (2011)
«Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» медалі (2015)
«Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісі
«Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісі
Н.И. Пирогов атындағы «Ар-намыс, ерлік, жасампаздық және мейірімділік үшін» ордені (2009)
«Гиппократ» халықаралық ордені (2010)
Корольдік Виктория ордені (2010)
«Сократ» халықаралық ордені (2010)
«Еуропаның құрметті ғалымы» атағы
Халықаралық Вена университетінің құрметті профессоры
Роберт Кох медалі
«The Name in Science» құрметті атағы беріліп, есімі XXI ғасырдың көрнекті ғалымдарының дүниежүзілік тізіліміне енгізілді және «Әлемдік ғылымға қосқан үлесі үшін» белгісімен марапатталды (2011)
«Еуропалық сапа үшін Гран-при» халықаралық байқауында «Медицина саласының көшбасшысы» аталымының лауреаты (2012)