Абдикаримов Абзал Алиевич
- Туған күні
-
15 Наурыз, 198738 жас
- Туған жері
-
Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазақстан
- Тіл білуі
-
Қазақша, Орысша, Ағылшынша
Еңбек өтілі
– Еңбек жолын «КААДиК» ЖШС-нің менеджмент және маркетинг бөлімінің бастығы қызметінен бастады (2010 ж.).
– «Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС-нің тау-кен және химия өнеркәсібі инвестициялық жобалары департаментінің менеджері, «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ инвестициялық жобалар департаментінің бас маманы, «Orda Glass» ЖШС бас директоры, «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ инвестициялық жобалар департаментінің директоры, «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ стратегия және басым жобалар департаментінің жобалар жетекшісі, кәсіпкерлік және инновациялар департаментінің жобалар жетекшісі қызметтерін атқарды (2012–2016 жж.).
– Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кеңесшісі, өңірлік саясат, өңірлерді талдау және бағалау департаменті директорының орынбасары, өңірлерді талдау және бағалау департаменті директоры, мемлекеттік кәсіпкерлікті қолдау департаментінің директоры болды (2016–2019 жж.).
– Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне қарасты Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің департаменті басшысы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің басшысы қызметін атқарды (2019–2022 жж.).
– Қазақстан Республикасының ұлттық экономика вице-министрі болды (2022–2024 жж.).
– Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарады (2024 жылғы мамырдан бастап).
2010 жылы Лондонда (Ұлыбритания) орналасқан Кингс Колледж Лондонын (King’s College London) аяқтады.
2011 жылы Мадридтегі (Испания) IE Business School бизнес-мектебінде білім алды.
2013 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін тәмамдады.
Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі.