Абдульманова Ботагоз Тонкербаевна

Абдульманова Ботагоз Тонкербаевна

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Өнеркәсіп, көлік және коммуникациялар бюджеті департаментінің директоры
Туған күні
30 Маусым, 1972
53 жас
Туған жері
Қарағанды қаласы, Қазақстан
Тіл білуі
Орысша, Қазақша
Еңбек жолы

Абдульманова Ботагоз Тонкербаевна 1972 жылы 30-маусымда Қарағанды облысында дүниеге келген.

Еңбек өтілі:

· Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі жүйесіндегі азаматтық қорғау органдарында бухгалтер, сарапшы, бас маман, қаржы және кадр қызметтері басқармасының бастығы (1999–2014);
· «Интерстройсервис и К» ЖШС бас директорының орынбасары, Астана қ. (2014–2015);
· Өнеркәсіптік даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің «Кәсіби әскери апаттық-құтқару қызметі» шаруашылық жүргізу құқығындағы РМӨК ішкі аудит және қауіпсіздік қызметі басқармасының бас маманы, басқарма бастығы (2016–2017);
· ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінде персоналмен жұмыс басқармасының басшысы, қамтамасыз ету қызметі басқармасының басшысы (2017–2018);
· Мемлекеттік кірістер органдарында және Қаржылық мониторинг органдарында қызмет (2018–2019);
· Фельдъегерлік қызметтің қаржылық қамтамасыз ету басқармасының бас бухгалтері (2019–2021);
· ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінде ішкі қаржылық аудит департаменті директорының орынбасары, қаржылық қамтамасыз ету департаментінің директоры, қаржы және мемлекеттік сатып алу департаментінің директоры (2021–2023);
· ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Қаржы және корпоративтік басқару департаментінің директоры (2023–12.2024);
· ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Мемлекеттік қорғаныс тапсырысы комитеті төрағасының орынбасары (12.2024–03.2025);
· ҚР Қаржы министрлігінің Өнеркәсіп, көлік және коммуникациялар бюджеті департаментінің директоры (03.2025 жылдан бастап).

Білімі

Білімі, мамандығы (біліктілігі), лицензиялары:

· Қазақ тұтыну кооперациясы институты (1993 ж.)
· Көкшетау техникалық институты (2008 ж.)
· Орталық Қазақстан академиясы (2014 ж.)
· «Қазақстан Республикасының кәсіби бухгалтері» сертификаты (2008 ж.)
· АССА DipIFR сертификаты (2009 ж.)
· «Мемлекеттік аудитор» сертификаты (2018 ж.)
· «Қазақстан Республикасының аудиторы» сертификаты (2020 ж.)

Марапаттары

«Құрмет» ордені (30.04.2022)