Абылайхан Қайратұлы Жүсіпов
Боксшы
Өмірбаяны
2012 жылы Ресейдің Якутск қаласында өткен «Азия балалары» халықаралық спорт ойындарының жеңімпазы атанып, І орынды иеленді
2013 жылы Қарағанды қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионатының жеңімпазы болды
2013 жылы Шымкент қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында І орын алды
2013 жылы Украинаның Киев қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы атанды
2014 жылы Таиландтың Бангкок қаласында өткен жастар арасындағы Азия чемпионатында І орын иеленді
2014 жылы Болгарияның София қаласында өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында жеңімпаз атанды
2014 жылы Қытайдың Нанкин қаласында өткен Жазғы жасөспірімдер Олимпиада ойындарының чемпионы болды
2014 жылы Ғалым Жарылғаповты еске алуға арналған халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды
2015 жылы Беларусьтің Минск қаласында өткен Виктор Ливенцевті еске алуға арналған халықаралық турнирде ІІІ орынға ие болды
2016 жылы Венгрияда өткен Иштван Бочкайды еске алуға арналған халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды
2016 жылы Павлодар қаласында өткен Қазақстан чемпионатында І орын иеленді
2017 жылы Өзбекстанның Ташкент қаласында өткен Азия чемпионатында күміс жүлдегер атанды
2017 жылы Германияның Гамбург қаласында өткен әлем чемпионатында қола жүлдеге ие болды
2018 жылы Финляндияның Хельсинки қаласында өткен Gee Bee халықаралық турнирінің жеңімпазы атанды
2018 жылы Ақтау қаласында өткен Қазақстан чемпионатының жеңімпазы болды
2019 жылы Атырау қаласында өткен Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісовті еске алуға арналған халықаралық турнирде І орын алды
2019 жылы Қазақстан Президенті кубогына арналған халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды
2019 жылы Ресейдің Екатеринбург қаласында өткен әлем чемпионатында қола жүлдегер болды
2025 жылы Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында өткен IBA әлем чемпионатының жеңімпазы атанды
Білімі
Қарағанды экономикалық университетін тәмамдаған