Абзал Абайұлы Әжіғалиев

Абзал Абайұлы Әжіғалиев

Қазақстандық шорт-трекші

Туған күні
30 маусым 1992, 34 жаста
Туған жері
Қазақстан, Батыс Қазақстан облысы
Тілдерді білуі
kz, ru
Әлеуметтік желілер

Өмірбаяны

Алматы қаласында өткен VII қысқы Азия ойындарында қола жүлдегер атанды (2011)

Ресейдің Сочи қаласында өткен XXII қысқы Олимпиада ойындарында 5-орын иеленді (2014)

Оңтүстік Кореяның Чеджу қаласында өткен бокстан әлем чемпионатында 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алды (2014)

АҚШ-тың Солт-Лейк-Сити қаласында өткен шорт-тректен Әлем кубогы кезеңінде 500 метр қашықтықта жеңімпаз атанды (40,373 секунд) (2016)

Алматы қаласында өткен XXVIII қысқы Универсиадада 500 метр қашықтықта күміс жүлдеге ие болды (41,479 секунд) (2017)

Алматыдағы қысқы Универсиадада 5000 метрлік эстафетада қола медаль жеңіп алды (2017)

Беларусьтің Минск қаласында өткен шорт-тректен Әлем кубогы кезеңінде 500 метр қашықтықта күміс жүлдегер атанды (41,436 секунд) (2017)

Минск қаласында өткен Әлем кубогы кезеңінде 5000 метрлік эстафетада қола жүлдеге ие болды (2017)

Оңтүстік Кореяның Пхёнчхан қаласында өткен XXIII қысқы Олимпиада ойындарында 6-орын иеленді (2018)

Канаданың Калгари қаласында өткен шорт-тректен Әлем кубогы кезеңінде 500 метр қашықтықта күміс жүлдегер атанды (40,136 секунд) (2018)

Алматы қаласында өткен шорт-тректен Әлем кубогы кезеңінде 500 метр қашықтықта қола жүлдеге ие болды (2018)

АҚШ-тың Солт-Лейк-Сити қаласында өткен шорт-тректен Әлем кубогы кезеңінде 500 метр қашықтықта қола медаль жеңіп алды (2019)

Нидерландтың Дордрехт қаласында өткен шорт-тректен Әлем кубогы кезеңінде 500 метр қашықтықта қола жүлдегер атанды (2020)

Қытайдың Бейжің қаласында өткен XXIV қысқы Олимпиада ойындарында 4-орын иеленді (2022)

Канаданың Монреаль қаласында өткен шорт-тректен Әлем кубогы кезеңінде 5000 метрлік эстафетада күміс жүлдеге ие болды (2022)

АҚШ-тың Солт-Лейк-Сити қаласында өткен шорт-тректен Әлем кубогы кезеңінде 500 метр қашықтықта күміс жүлдегер атанды (2022)

Шорт-тректен әлемдік рейтингтің ТОП-8 спортшысы қатарына енді (2023)

Қытайдың Харбин қаласында өткен IX қысқы Азия ойындарында ерлер арасындағы 5000 метрлік командалық эстафетада Азия ойындарының чемпионы атанды (2025)

Харбинде өткен IX қысқы Азия ойындарында аралас эстафетада күміс жүлдеге ие болды (2025)

Білімі

Ж. Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледж