Адильханов Дуйсен Бухарбаевич

Адильханов Дуйсен Бухарбаевич

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Бюджеттік кредиттеу, Ұлттық қор және қаржы секторы мәселелері бойынша өзара іс-қимыл департаменті директорының орынбасары
Туған күні
11 Наурыз, 1963
62 жас
Туған жері
Киров ауданы,Шымкент облысы, Қазақстан
Тіл білуі
Қазақша, Орысша
Еңбек жолы

 

  • Инженер-конструктор, Шардара құрылыс материалдары комбинаты (1986);

  • РМЦ механигі, Шардара КҚМ, Шардара;

  • Ремонт-механикалық цехтың бастығы, Шардара КҚМ, Шардара (1986–1989);

  • Бас инспектор, бөлім меңгерушісі, Шардара аудандық әкімшілігі (1994–1995);

  • Вице-президент, «Шардара мұнай өнімдері» АҚ (1995–1996);

  • Шардара қаласының әкімі (1996–1999);

  • Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің бөлім бастығы, ҚР Қаржы министрлігі (2000–2002);

  • Кеңесші, бас инспектор, бас кеңесші, ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі (2002–2007);

  • Кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінің директоры (басқарма бастығы), Маңғыстау облысы (2007–2008);

  • Басқарма бастығы, директордың орынбасары, стратегиялық жоспарлау және талдау департаментінің директоры, ҚР Индустрия және сауда министрлігі (2008–2010);

  • Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаменті директорының орынбасары, ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі, Астана қаласы (2010–2014);

  • Республикалық мемлекеттік мүлікпен басқару әдіснамасы және оңалту, банкроттық рәсімдері департаментінің директоры, ҚР Қаржы министрлігі, Астана қаласы (2014–2015);

  • Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшысы, Астана қаласы (01.2015–09.2016);

  • ҚР Қаржы министрлігі Стратегиялық даму департаменті директорының орынбасары (2016–2017);

  • ҚР Қаржы министрлігі Персоналды басқару және стратегия департаменті директорының орынбасары (2017);

  • ҚР Қаржы министрлігі Құжат айналымы департаменті директорының орынбасары (2017–2019);

  • ҚР Қаржы министрлігі Құқық қорғау, арнайы органдар мен қорғаныс бюджеті департаменті директорының орынбасары (2019–2024).

 

Білімі

 

  • Қазақ химия-технологиялық институты, құрылыс материалдары, бұйымдары мен конструкциялары кәсіпорындарының механикалық жабдығы мамандығы (1986);

  • Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы, мемлекеттік басқару мамандығы (2000);

  • Еуразиялық гуманитарлық институт (Л.Н. Гумилев атындағы), қаржы және несие мамандығы (2002);

  • «Қаржы академиясы» АҚ, қаржы мамандығы (2017).

Марапаттары

«Құрмет» ордені (30.04.2022).