Айдар Кенжетайұлы Ситқазинов

Айдар Кенжетайұлы Ситқазинов

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Трансплантаттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметтерді үйлестіру жөніндегі республикалық орталығының директоры

Туған күні
2 қараша 1969, 56 жаста
Туған жері
Қазақстан, Павлодар облысы Успен ауданы Успен ауылы
Тілдерді білуі
kz, ru
Әлеуметтік желілер

Өмірбаяны

Павлодар облыстық Сұлтанов атындағы клиникалық ауруханасында уролог дәрігер, урология бөлімшесінің меңгерушісі және урология бөлімшесінің дәрігер-ординаторы (1996)

Щербақты орталық аудандық ауруханасының бас дәрігері (2008–2010)

Павлодар облыстық Г. Сұлтанов атындағы ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары (2010–2012)

Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасының стратегиялық даму және инновациялық технологиялар бөлімінің басшысы (2012–2013)

Павлодар ауданы емханасының бас дәрігері (2013–2014)

Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы, кейін емдеу-профилактикалық жұмыс жөніндегі басқарма басшысының орынбасары (2014–2016)

Екібастұз қаласындағы №1 емхананың экономикалық мәселелер жөніндегі бас дәрігерінің орынбасары, кейін Павлодар қаласындағы №2 емхананың бас дәрігері (2016–2017)

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Павлодар облыстық филиалында медициналық қызметтердің сапасын мониторингілеу бөлімінің басшысы (2017)

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Павлодар облыстық филиалының директоры (2018)

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Нұр-Сұлтан қалалық филиалының директоры (2019)

Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы (06.08.2020–01.10.2020)

Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары (01.10.2020–06.11.2020)

Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы (06.11.2020–31.12.2023)

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Трансплантаттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметтерді үйлестіру жөніндегі республикалық орталығы» ШЖҚ РМК директоры (2024 жылдан бастап)

Білімі

Семей мемлекеттік медицина институты (1996)

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті (2007)

Инновациялық Еуразия университеті (2014)

Семей қаласының мемлекеттік медицина университеті (2016)

Марапаттары

«Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісі (2018)

«Ерен еңбегі үшін» медалі (2021)

«Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісі  (2023)