Айдын Жангелдіұлы Темірбаев

Айдын Жангелдіұлы Темірбаев

Жетісу облысы әкімдігінің цифрлық технологиялар басқармасының басшысы

Туған күні
5 маусым 1986, 40 жаста
Туған жері
Қазақстан, Жетісу облысы Ескелді ауданы
Тілдерді білуі
kz, ru, en

Өмірбаяны

Еңбек жолын «БТА Банк» АҚ Талдықорған филиалында маман болып бастады

Кейін ақпараттық жүйелердің әкімшісі қызметін атқарды

Одан кейін «Ақпараттық технологиялар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ақпараттық технологияларды мониторингтеу, талдау және дамыту бөлімінде инженер болды

«Ақпараттық технологиялар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мен ақпараттық технологияларды мониторингтеу бөлімінің жетекші маманы, кейін бас маманы қызметтерін атқарды

Кейін аталған мекеменің ақпараттық технологиялар, цифрландыру және ақпараттық қауіпсіздік бөлімінің басшысы болды

Сондай-ақ «Ақпараттық технологиялар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс бөлімінің бас инспекторы қызметін атқарды

Одан кейін құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің басшысы болды

Кейін қаржы-шаруашылық бөлімін басқарды

2022 жылғы 1 шілдеден бастап Жетісу облысы әкімдігінің цифрлық технологиялар басқармасының басшысы

Білімі

2008 жылы Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін «Қаржы» мамандығы бойынша тәмамдаған

2015 жылы Ө.А. Жолдасбеков атындағы Экономика және құқық академиясын «Құқық» мамандығы бойынша бітірген

2020 жылы Темірқазық институтын «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша аяқтаған