Айтбай Насриддинұлы Жандарбеков

Айтбай Насриддинұлы Жандарбеков

Қызылорда облысы Шиелі ауданының әкімі

Туған күні
5 қаңтар 1974, 52 жаста
Туған жері
Өзбекстан Республикасы; Фергана обылысы, Ахунбобаев ауданы
Тілдерді білуі
Қазақша, орысша

Өмірбаяны

Еңбек жолын 1992 жылы Қазақстанның ххх жылдық совхозында жұмысшы болып бастаған

1994-1997 жылдары Бәйгеқұм ұжымында материалдық есепші

1998-2000 жылдары «Қазақшетсақтандыру» компаниясында брокер, «Шиелі астық» акционерлік қоғамының диірменші шебері

2001-2003 жылдары Бәйгеқұм пошта торабына қарасты байланыс бөлімінің пошта меңгерушісі

2003-2009 жылдары Бәйгеқұм ауылдық округінің жетекші маман-статисті

2009-2018 жылдары Шиелі аудандық статистика басқармасының жетекші маманы

2018-2020 жылдары Гигант ауылдық округінің әкімі

2020 жылдың қаңтар айынан қазан айына дейін Шиелі аудандық статистика басқармасының басшысы

2020-2023 жылдары аудан әкімінің орынбасары

2023-2024 жылдары Шиелі аудандық мәслихат төрағасы

15 қыркүйек 2024 жылы Шиелі ауданы әкімі болып сайланған

Білімі

2002 жылы Қызылорда қаласындағы Қорқыт ата атындағы университетінің бухгалтерлік есеп және аудит мамандығы бойынша бітірген