Айтқазы Дәулетқұлұлы Қарабалаев
Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының басшысы
Өмірбаяны
Айтқазы Дәулетқұлұлы Қарабалаев еңбек жолын инженер-техник ретінде бастап, мемлекеттік басқару, кәсіпкерлік, әлеуметтік сала және құрылыс бағыттарында жауапты қызметтер атқарған
Алматы қаласындағы №54 тұрғын үй пайдалану басқармасының инженер-технигі (1989–1992)
«Хаир Ихсан» қайырымдылық қорының меңгерушісі, директордың орынбасары (1992–1993)
«Тигро Хауд» сауда-өндірістік бірлестігінің бөлім меңгерушісі, директордың орынбасары (1993–1999)
Тараз қалалық сауда, шағын және орта бизнес басқармасының бастығы (1999–2000)
Тараз қаласы әкімінің орынбасары (2000–2001)
Жамбыл облыстық жергілікті бюджеттерге алымдар мен жекелеген салық төлемдерін өндіріп алу агенттігінің директоры (2001–2004)
Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаментінің директоры (2004–2005)
Жамбыл облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары (2005–2006)
Жуалы ауданының әкімі (2006–2008)
«Оңтүстік» ӘКК» ҰК» АҚ-ның Жамбыл облысындағы өкілдігінің директоры (2008–2010)
Жамбыл облысы Талас ауданының әкімі (2010–2013)
«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Жамбыл өндірістік филиалы директорының кеңесшісі (2016–2019)
«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Түркістан облыстық өндірістік филиалының директоры (04.2019–12.2019)
Тараз қаласының әкімі (2019–2021)
Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының басшысы (2021–2022)
Жамбыл облысы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы (2022 жылғы 31 қазаннан бастап)
Білімі
Қазақ мемлекеттік басқару академиясы, «Экономика» мамандығы (1998)
Талдықорған заң институты, «Құқықтану» мамандығы (1999)
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, «Құрылыс» мамандығы (2008)
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, «Құқықтану» мамандығы (2014)