Аксакалов Кумар Иргибаевич

Аксакалов Кумар Иргибаевич

Қостанай облысының әкімі

Туған күні
24 тамыз 1965, 60 жаста
Туған жері
Қостанай облысы,Ленин ауданы,Ленинское ауылы; Қазақстан
Тілдерді білуі
Қазақша, орысша

Өмірбаяны

1987–1989 жж. — Қостанай облысы Урицкий ауданының «Крыловский» кеңшарының бас инженері.

1989–1992 жж. — Қостанай облысы Урицкий ауданы Қазақстан ЛКЖО (ЛКСМ) аудандық комитетінің бірінші хатшысы.

1992–1993 жж. — Қостанай облысы Урицкий ауданының «Маяк» кеңшарының бас инженері.

1993–1994 жж. — Қостанай облысы Қостанай ауданының «Новоселовка» шағын мемлекеттік кәсіпорнының директоры.

1994–1996 жж. — Қостанай облысы Қостанай ауданының «Қостанайское» ғылыми-өндірістік бірлестігінің бас директор орынбасары.

1996–1998 жж. — Қостанай облысы Меңдіқара ауданының «Север» колхозының төрағасы, «Север» ААҚ президенті.

1998–2002 жж. — Қостанай облысы Меңдіқара ауданының әкімі.

2002–2004 жж. — Қостанай облысы Таран ауданының әкімі.

2004–2006 жж. — Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы.

2006–2010 жж. — Жамбыл облысы әкімінің орынбасары.

2010–2015 жж. — «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы Орталық аппаратының басшысы, «Нұр Отан» партиясының хатшысы.

2015–2017 жж. — Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары.

2017 жылғы 14 наурыздан 2022 жылғы 30 қарашаға дейін — Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.

2022 жылғы 1 желтоқсаннан бастап — Қостанай облысының әкімі.

Білімі

В.П. Горячкин атындағы Мәскеу ауыл шаруашылығы өндірісі инженерлері институты (1987 ж.)

Мамандығы: инженер-механик