Алма Әутенқызы Жүсіпова
Қостанай облысы әкімдігі Қаржы басқармасының басшысы
Өмірбаяны
1990–1998 жылдары Қостанай облысы Қамысты ауданындағы «Ворошиловский» және «Камышнинский» кеңшарларында бас экономист, жоспарлау және есеп бөлімінің бастығы қызметтерін атқарды
1998–1999 жылдары Қамысты ауданы әкімінің экономика мәселелері жөніндегі орынбасары болды
1999–2006 жылдары Қамысты ауданы әкімдігінің Қаржы бөлімі мемлекеттік мекемесінің басшысы қызметін атқарды
2006–2013 жылдары Қостанай облысы әкімдігі Қаржы басқармасында бас маман, кейін бөлім басшысы болды
2013–2017 жылдары Қостанай облысы әкімдігі Қаржы басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды
2017 жылғы мамырдан бастап Қостанай облысы әкімдігі Қаржы басқармасының басшысы
Білімі
1989 жылы Қостанай ауыл шаруашылығы институтын «Ауыл шаруашылығы экономикасы және оны ұйымдастыру» мамандығы бойынша тәмамдады
2003 жылы Алматы экономика және статистика академиясын «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша бітірді
2019 жылы А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдады
Марапаттары
«Құрмет» ордені (2026)
«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалі
«Қаржы қызметінің үздігі» төсбелгісі
«Астана 20 жыл» мерейтойлық медалі
«Ерен еңбегі үшін» медалі
«Қазақстан мәслихаттарына 25 жыл» мерейтойлық медалі
«Қазақстан Конституциясына 25 жыл» мерейтойлық медалі
«Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерейтойлық медалі
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне 100 жыл» естелік төсбелгісі
«Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісі