Алмас Серікұлы Исақов
ҚР Президенті Іс басқармасы аппаратының басшысы
Өмірбаяны
Алмас Серікұлы Исақов еңбек жолын 2009 жылы Астана қаласы бойынша Кедендік бақылау департаментінде маман міндетін атқарушы болып бастады
Алматы қаласы бойынша Салық департаментінің бас маманы (2010–2012)
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мен Экономикалық даму және бюджеттік жоспарлау министрлігінің сарапшысы, бас сарапшысы (2012–2014)
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Салық және кеден саясаты департаменті Салық саясаты басқармасының басшысы, кейін Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау департаменті директорының орынбасары (2015–2019)
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Ақпараттық-талдау орталығының жедел талдау секторының меңгерушісі, Жобалық басқару орталығының бас инспекторы (2019)
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Стратегия департаментінің директоры (2019–2021)
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің Қаржы нарықтары секторының меңгерушісі (2021 жылғы ақпан – 2023 жылғы қаңтар)
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі аппаратының басшысы (2023 жылғы қаңтар – 2025 жылғы желтоқсан)
2025 жылғы желтоқсаннан бастап Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы аппаратының басшысы қызметін атқарады
Білімі
Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті
University of Exeter (Эксетер университеті, Ұлыбритания)
Марапаттары
«Еуразиялық экономикалық одаққа – 10 жыл» медалі (2024 жылғы 26 желтоқсан)