Алмаз Дженишевич Джумакеев
ҚР Қорғаныс министрінің тыл және әскери инфрақұрылым жөніндегі орынбасары
Өмірбаяны
Әскери қызметін Десанттық-шабуылдау әскерлерінде бастаған
Әр жылдары взвод, батальон командирі, штаб бастығы және әскери бөлім командирі қызметтерін атқарған
Әскери басқару органдарында жетекші лауазымдарда қызмет етіп, Бас штабтың Жауынгерлік дайындық департаментін басқарған
Құрлық әскерлері бас қолбасшысының жауынгерлік дайындық жөніндегі орынбасары болған
2022 жылғы наурыз айынан бастап Қазақстан Қарулы күштері Десанттық-шабуылдау әскерлерін басқарды
2026 жылғы 11 наурызда Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің тыл және әскери инфрақұрылым жөніндегі орынбасары болып тағайындалды
Білімі
1992 жылы Ленин комсомолы атындағы Рязань жоғары әуе-десанттық командалық училищесін бітірген
Марапаттары
ІІ дәрежелі «Айбын», ІІ және І дәрежелі «Данқ» ордендерімен марапатталған