Алтай Ахметқалиұлы Дүсіпов
«Семей медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы – ректоры
Өмірбаяны
Семей мемлекеттік медицина академиясының интерн-дәрігері (2000–2001)
Семей мемлекеттік медицина академиясының Апаттар медицинасы курсының ассистенті (2001–2003)
Семей мемлекеттік медицина академиясының Госпитальдық хирургия кафедрасының ассистенті (2003–2007)
Семей қаласындағы Мемлекеттік медицина университеті ректорының көмекшісі (2007–2009)
Семей қаласындағы Мемлекеттік медицина университетінің ғылыми-клиникалық жұмыстар жөніндегі проректоры (2009–2017)
Семей қаласындағы Мемлекеттік медицина университетінің хирургия бойынша интернатура кафедрасының профессоры (2018)
«Семей медицина университеті» КеАҚ Б.С. Буланов атындағы жүрек-қан тамырлары және кеуде хирургиясы кафедрасының меңгерушісі (2018–2021)
«Семей медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы – ректоры (2021 жылғы желтоқсаннан бастап)
Ғылыми қызметі
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Н.Ә. Назарбаев қорының ғылыми зерттеу грантының иегері (2009)
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің инфрареналдық құрсақ қолқасы аневризмасы мәселелері бойынша ғылыми грантының иегері (2012–2014)
«Ауыр халдегі адам ағзасындағы көп ағзалық жеткіліксіздіктің дамуы мен орталық көктамырлық қысымның өзгеруі арасындағы заңды байланыс» ғылыми жаңалығының авторы, Ресей Жаратылыстану ғылымдары академиясы жанындағы Халықаралық ғылыми жаңалықтар мен өнертабыстар авторлары академиясының дипломымен марапатталған
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ауыр жағдайлардағы инфузиялық терапия мәселелері бойынша ғылыми грантының иегері (2015–2017)
Ғылыми жетекшілігімен 1 PhD докторлық және 6 магистрлік диссертация қорғалған
Қазіргі уақытта «Медицина» мамандығы бойынша 2 PhD докторантының ғылыми жетекшісі
100-ден астам ғылыми еңбектің авторы, оның ішінде:
ҚР БҒМ ұсынған басылымдарда жарияланған 42 ғылыми мақала
Ресей және шетелдік ғылыми журналдарда жарияланған 21 мақала
Thomson Reuters және Web of Science дерекқорларындағы журналдарда жарияланған 9 мақала
Ресей Федерациясының 5 патенті
Қазақстан Республикасының 8 патенті
«Инфрареналдық қолқа аневризмасын хирургиялық емдеудің асқынуларының алдын алу» және «Ауыр жағдайлардағы инфузиялық-трансфузиялық терапия алгоритмі» атты 2 монографияның авторы
Білімі
Семей мемлекеттік медицина академиясы, «Емдеу ісі» мамандығы (2000)
Медицина ғылымдарының докторы (2018)
«Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша жоғары санатты дәрігер
«Ангиохирургия» мамандығы бойынша жоғары санатты дәрігер
АҚШ-тың Миссури штатындағы Сент-Луис университеті медициналық мектебі ауруханасында шұғыл медицина курсы (2016)
Түркия Республикасының Анкара қаласындағы Башкент университеті клиникасында тамыр хирургиясы бойынша клиникалық тағылымдамадан өтті (2018)
Марапаттары
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісі (2016)
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті қорының «Қазақстанның үздік жас ғалымы» сыйлығының лауреаты (2016)