Алтынай Абдуахимқызы Асылмұратова
Балет әртісі
Өмірбаяны
1978–1989 жылдары – Ленинградтағы Киров атындағы опера және балет театрының (қазіргі Мариин театры) солисі, классикалық репертуардың жетекші партияларын орындаушы
1989–1993 жылдары – Лондондағы Корольдік балет театры (Ковент-Гарден) солисі
1995–1997 жылдары – Франциядағы Ролан Пети труппасының солисі (Марсель). Осы кезеңде Ла Скала, Гранд-Опера, Американдық балет театры және басқа да әйгілі театрларда гастрольдік сапармен өнер көрсетті
1999–2013 жылдары – А.Я. Ваганова атындағы Санкт-Петербург орыс балеті академиясының көркемдік жетекшісі, проректоры
2013–2015 жылдары – Санкт-Петербургтегі Михайловский театры бас директорының кеңесшісі
2015 жылғы 16 наурыз – 2016 жылғы тамыз – «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры балет труппасының көркемдік жетекшісі, педагог-репетитор, хореограф-қоюшы
2016–2022 жылдары – Қазақ ұлттық хореография академиясының ректоры, «Астана Опера» балетінің көркемдік жетекшісі
2022 жылдан бастап – Қазақ ұлттық хореография академиясының көркемдік жетекшісі
Білімі
1978 жылы – А.Я. Ваганова атындағы Ленинград хореографиялық училищесін тәмамдаған
Марапаттары
1983 ж. – РСФСР-дың еңбек сіңірген әртісі
1995 ж. – «Evening Standard» театр сыйлығының лауреаты
1998 ж. – «Baltika» театр сыйлығының лауреаты
1999 ж. – «Алтын софит» сыйлығының лауреаты
2019 ж. – «Қазақстан Республикасының құқық қорғау қызметіне 25 жыл» мерейтойлық медалі
2020 ж. – «Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл» мерейтойлық медалі
2020 ж. – «Қазақстан Республикасының Конституциясына 25 жыл» мерейтойлық медалі
2021 ж. – «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерейтойлық медалі
Марапат ордендері:
«Құрмет» ордені (Қазақстан)
«Достық» ордені (Ресей Федерациясы)
«Парасат» ордені (Қазақстан)