Амангелді Сағандекұлы Исенов

Амангелді Сағандекұлы Исенов

ҚР Жоғары аудиторлық палатасының мүшесі

Туған күні
21 шілде 1978, 48 жаста
Туған жері
Қазақстан, Қарағанды облысы, Теміртау қаласы
Тілдерді білуі
Қазақша, орысша

Өмірбаяны

2000–2002 жылдары – ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік қарыз алу департаментінде бюджеттік кредиттеу басқармасының бағдарламалық кредиттеу бөлімінде жетекші экономист, жетекші маман, бас маман

2008–2010 жылдары – ҚР Қаржы министрлігінің бірқатар департаменттерінде бюджеттік кредиттеу басқармасының бастығы (мемлекеттік активтерді басқару әдіснамасы, ішкі қаржылық бақылау, бюджеттік бағдарламаларды талдау және бағалау бағыттары бойынша)

2010–2011 жылдары – ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік активтерді басқару, бюджеттік кредиттеу, бюджеттік бағдарламаларды талдау және бағалау, банкроттық рәсімдері бойынша департаменті директорының орынбасары

2011–2013 жылдары – ҚР Қаржы министрлігінің бюджеттік кредиттеу, Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры, концессиялық жобалар, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің бюджеттік инвестициялары және қаржы секторы мәселелері бойынша өзара іс-қимыл департаментінің директоры

2013–2017 жылдары – ҚР Қаржы министрлігінің бюджеттік кредиттеу, Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры және қаржы секторы мәселелері бойынша өзара іс-қимыл департаментінің директоры

2017–2022 жылдары – Еуразиялық даму банкі басқарма мүшесі, Блок 1 және Блок 2 бойынша бизнесті дамыту жөніндегі басқарушы директор, кейін басқарма төрағасының орынбасары

2024 жылғы – 2025 жылғы 6 наурызға дейін – Қазақстанның даму банкі басқарма төрағасының орынбасары

2025 жылғы 6 наурыздан бастап – Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының мүшесі

Білімі

Қарағанды металлургия институты (2005) – «Экономика» мамандығы

Almaty Management University – MBA дәрежесі

Фото