Амангелді Шайхоллаұлы Нұғманов

Амангелді Шайхоллаұлы Нұғманов

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты
Туған күні
03 Сәуір, 1967
58 жас
Туған жері
Қазақстан, Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы, Жаңатаң ауылы
Тіл білуі
Қазақша, Орысша, Ағылшынша
Өміріне қатысты қызықты деректер

 Германияда Кеңес әскерінің қатарында әскери борышын орындады (1986-1988)

Еңбек жолы

Мәртөк ауданының Жайсан совхозында есепші агроном (1988–1992)
Өсімдіктерді қорғау станциясында агроном, жетекші агроном (1988–1992)
Мәртөк ауданы әкімшілігінің Жастар ісі комитетінің төрағасы (1992–1994)
«Мәртөк» кеден бекетінің инспекторы (1994–1997)
Ақтөбе облысы бойынша Кеден бекетінің басқарма басшысының контрабандаға қарсы күрес және кедендік құқық бұзушылықтарды жою бөлімінің инспекторы, аға инспекторы, бас инспекторы (1997–1999)
Қандыағаш қаласы «Мұғалжар» кеден бекетінің бастығы  (1999–2000)
Ақтөбе облысы бойынша Кедендік басқармасының контрабандаға қарсы күрес және кедендік ереже бұзушылықтарды жою бөлімінің бастығы (2000–2002)
Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің Кеден ісі саласындағы қылмыстарға және құқық бұзушылықтарға қарсы күрес жөніндегі департаментінің басқарма басшысы (2002–2003)
ҚР ҚМ КБК Кадр басқармасы бастығының орынбасары  (2004–2005)
ҚР ҚМ КБК Қарағанды облысы бойынша департаменті бастығының орынбасары  (2005–2006)
ҚР ҚМ КБК Кадр басқармасының бастығы Астана қаласы (2006)
ҚР ҚМ КБК Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің бастығы (2006–2008)
ҚР ҚМ КБК Астана қаласы бойынша департаментінің бастығы (2008–2009)
ҚР ҚМ КБК Жамбыл облысы бойынша департаментінің бастығы (2009–2010)
ҚР ҚМ КБК Павлодар облысы бойынша департаментінің бастығы (2010–2012)
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ компаниясы басқару тобының мүшесі (2012–2013)
Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы (2013–2018)
ҚР ҚМ ІМАК Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ішкі аудит департаментінің басшысы (2018–2019)
ҚР ҚМ ІМАК Ақтөбе облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы (2019 жылдан бастап)
Ақтөбе облысы әкімі аппаратының басшысы (2020–2021)
Ақтөбе облыстық мәслихатының хатшысы (2021-2023)
Ақтөбе облыстық мәслихатының төрағасы (2023)
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты (2023 бастап)

Білімі

 Ақтөбе ауыл шаруашылық техникумы (1986)

Агроном 

«Қайнар» университеті (1999) 

Заңгер

Халықаралық құқық қорғау органдарының академиясы (Венгрия Республикасы)  (2002)

Халықаралық құқық

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясын (2004)

Мемлекеттік басқару менеджері

«Ernst & Young» Бизнес академиясы (2017) 

Халықаралық деңгейдегі аудитор

Марапаттары

«Ерен еңбегі үшін» медалі (2020)
«Астанаға 10 жыл» мерекелік медалі (2008)
Дүниежүзілік кедендік ұйымының Бас хатшылығының «Үлгілі қызмет үшін» медалі, Бельгия қаласы (2009)
«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалі (2011)
«Кеден одағын қалыптастыруға қосқан үлесі үшін» медалі, Мәскеу қаласы, Ресей Федерациясы (2012)
«Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерекелік медалі (2015)
«Қазақстан халықтары Ассамблеясына 20 жыл» мерекелік медалі (2015)
«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалі (2016)
«Үздік мемлекеттік қызметкер» төсбелгісі (2016)
«Қазақстан Мәслихаттарына 25 жыл» мерекелік медалі (2019)
«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалі (2021)
«Үздік мәслихат хатшысы» төсбелгісі (2022)
«Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі (2022)

Фото