Амир Досхан Досжанович

Амир Досхан Досжанович

Ақтөбе облысы әкімі аппаратының басшысы

Туған күні
16 ақпан 1991, 35 жаста
Туған жері
Жамбыл облысы; Қазақсан
Тілдерді білуі
Қазақша, орысша

Өмірбаяны

Еңбек өтілі:

– Еңбек жолын коммерциялық құрылымдарда бастады (2012 ж.).

– «МАЭК–Қазатомпром» ЖШС-інде машинист болып жұмыс істеді (2013–2014 жж.).

– «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» ұлттық компаниясы» АҚ-да маман, маркетинг және көліктік логистика бөлімінің бастығы қызметтерін атқарды (2014–2017 жж.).

– Маңғыстау облысы әкімдігі Іс басқармасы» ММ басшысының орынбасары болды (2018–2019 жж.).

– Маңғыстау облысы әкімінің аппараты» ММ басшысының орынбасары қызметін атқарды (2019–2020 жж.).

– Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Стратегиялық жоспарлау департаменті директорының орынбасары, сондай-ақ Стратегиялық жоспарлау және жобалық басқару департаменті директорының орынбасары қызметтерін атқарды (2020–2022 жж.).

– Ақтөбе облысы әкімінің аппараты басшысының орынбасары болды (2022–2023 жж.).

– Ақтөбе облысы әкімінің аппаратының басшысы қызметін атқарады (2023 жылғы 3 шілдеден бастап).

Білімі

2013 жылы Алматы энергетика және байланыс университетін жылуэнергетика мамандығы бойынша тәмамдады.

2016 жылы Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетін мұнай-газ ісі мамандығы бойынша бітірді.

2016 жылы Алматы Менеджмент Университетінде есеп және аудит мамандығын меңгерді.

2022 жылы Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетін құқықтану мамандығы бойынша аяқтады.