Анель Бақытбекқызы
ҚР Мажарстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі
Өмірбаяны
2004–2006 жылдары Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы Елшілігінде атташе қызметін атқарды
2006–2007 жылдары Қазақстан Республикасының Сингапур Республикасындағы Елшілігінде үшінші хатшы және екінші хатшы болды
2007–2014 жылдары Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес (АӨСШК) хатшылығының кәсіби қызметкері болып жұмыс істеді
2014–2019 жылдары АӨСШК хатшылығы атқарушы директорының орынбасары қызметін атқарды
2019–2023 жылдары Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Тұрақты өкілінің орынбасары болды
2023 жылғы қарашаға дейін Қазақстан Республикасының Франция Республикасындағы Страсбург қаласындағы Бас консулы қызметін атқарды
2023 жылғы қарашадан бастап Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі
Білімі
2003 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін тәмамдаған
ІІ сыныптағы Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломатиялық дәрежесіне ие