Сүлейменов Ануар

Ануар Айдарұлы Сүлейменов

ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары
Туған күні
24 Мамыр, 1986
39 жас
Туған жері
Талдықорған қаласы, Қазақстан
Тіл білуі
Қазақша, Орысша
Еңбек жолы

Алматы облысы бойынша Салық комитетінде маман, жетекші маман–жетекші салық инспекторы, бас маман–бас салық инспекторы лауазымдарында жұмыс істеген (қараша 2008 – шілде 2010)

Алматы қаласы бойынша Салық департаментінде / Мемлекеттік кірістер департаментінде және олардың Алмалы, Бостандық аудандары бойынша құрылымдық бөлімшелерінде жетекші маман–жетекші салық инспекторы, бас маман–бас салық инспекторы, бөлім басшысы, басқарма басшысы болып қызмет атқарған (шілде 2010 – маусым 2019)

Мемлекеттік кірістер комитеті Бақылау департаментінің Қашықтықтан мониторинг басқармасының басшысы (маусым 2019 – қаңтар 2021)

Мемлекеттік кірістер комитетінің Әкімшілік департаменті мен Ірі салық төлеушілер департаментінің директоры (ақпан 2021 – шілде 2023)

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары (шілде 2023 жылдан бастап)

Білімі

Жолдасбеков атындағы Экономика және құқық академиясын «Қаржы» мамандығы бойынша бітірген (2008)
Тұран университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша аяқтаған (2017)

Архив казинформ
Посмотреть еще