Ардақ Құрмашұлы Бегатаров

Ардақ Құрмашұлы Бегатаров

Қостанай облысы Білім басқармасының басшысы

Туған күні
20 тамыз 1983, 42 жаста
Туған жері
Қазақстан, Шығыс Қазақстан облысы
Тілдерді білуі
kz, ru
Әлеуметтік желілер

Өмірбаяны

2005–2011 жылдары – «Қайнар» колледжінің тарих пәнінің мұғалімі

2011–2013 жылдары – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту және біліктілікті беру жөніндегі республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы» ШЖҚ РМК қызметкері

2013–2016 жылдары – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Техникалық және кәсіптік білім беру департаментінің бас сарапшысы

2016–2017 жылдары – Астана қаласындағы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы Педагогикалық өлшемдер орталығы филиалының қызметкері

2017–2021 жылдары – Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Білім беру, ғылыми қызмет және халықаралық ынтымақтастық департаментінде басшылық қызметтер атқарды

2021–2024 жылдары – Астана қаласындағы «Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамының WorldSkills қозғалысын дамыту басқармасының қызметкері

2024 жылдан 2026 жылғы маусымға дейін – Қостанай облысы әкімдігі Білім басқармасы басшысының орынбасары

2026 жылғы маусымнан бастап – Қостанай облысы Білім басқармасының басшысы

Білімі

2005 жылы Семей мемлекеттік педагогикалық институтын «Тарих және география» мамандығы бойынша тәмамдаған

2008 жылы Семей мемлекеттік педагогикалық институтын «Тарих» мамандығы бойынша бітірген