Арман Амангелдіұлы Саданов
ҚР ІІМ Профилактикалық жұмысты үйлестіру комитетінің төрағасы
Өмірбаяны
1996 жылы ҚР Ғылым министрлігі Ғылым академиясының Микробиология және вирусология институтінде жұмыс істеді
1996 жылдан 2017 жылға дейін Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінде қызмет өткерді
2017 жылдың қыркүйек айынан 2019 жылдың шілде айына дейін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көші-қон қызметі комитеті төрағасының орынбасары лауазымында қызметін атқарды
2019 жылдың шілде айынан 2025 жылдың қараша айына дейін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Өзіндік қауіпсіздік департаментінің бастығы лауазымында болды
2025 жылғы қараша айынан бастап бүгінгі күнге дейін – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Профилактикалық жұмысты үйлестіру комитетінің төрағасы
Білімі
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін тәмамдаған
2006 жылғы мамыр айында Қазақ гуманитарлық заң университетінің Алматы заң академиясын бітірді
2014 жылғы маусым айында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық мемлекеттік университетінде «құқықтану» мамандығы бойынша магистратураны аяқтаған
Марапаттары
II дәрежелі «Айбын» ордені
Медальдары:
«Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі үлесі үшін»;
«Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық бірлігі»;
«ІІМ-дегі мінсіз қызметі үшін»;
«Құқық тәртібін қамтамасыз етудегі ерекшелігі үшін».
Төсбелгілері:
«ҰҚК–КНБ Қазақстан» III дәрежелі;
«Ұлттық қауіпсіздік қалқаны» II және III дәрежелі;
«Қазақстандағы РФ Федералдық қауіпсіздік қызметінің (ФҚҚ) ресми өкілдігі»;
«Қазақстан полициясына 25 жыл».
Мерейтойлық медальдары:
«Қазақстан Тәуелсіздігіне 20 жыл»;
«ҚР ҰҚК академиясына 20 жыл»;
«Астана қаласына 20 жыл».
Әскери қызметі, әскери және арнайы атағы
Генерал-майор (2023 жылғы 5 мамыр).