Арман Дайырұлы Жұмабеков

Арман Дайырұлы Жұмабеков

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі аппарат басшысы
Туған күні
09 Қыркүйек, 1973
51 жас
Туған жері
Қазақстан, Ақмола облысы Ерейментау қаласы
Тіл білуі
Қазақша, Орысша
Еңбек жолы

Ерейментау қаласындағы №2102 жинақ банкі филиалының инспекторы болып жұмыс істеген (1990–1991)

Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде білім алған (1991–1997)

Ақмола облысы Салық комитетінің Салық төлеушілермен жұмыс және салық заңнамасын насихаттау бөлімінің бас юрисконсульті, құқықтық қамтамасыз ету секторының меңгерушісі; Заң бөлімінің басшысы(1998–1999)

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кірістер министрлігінде Заң департаментінің заңнама бөлімі бас маманы; Заңнама басқармасында құқықтық талдау, кодификация және ағымдағы жұмыс бөлімінің басшысының міндетін атқарушы, бөлімнің басшысы (1999–2002)

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Заң бөлімінде кеңесші (2002–2003)

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік-құқықтық бөлімінде бас сарапшы; Заңнама және құқықтық сараптама бөлімінде бас сарапшы, сектор меңгерушісі, бас инспекторы (2003–2008)

Қазақстан Республикасы Президентінің Парламенттегі Үкіметі басшысының орынбасары (2008–2011)

Президент Әкімшілігінің Мемлекеттік-құқықтық бөлімінің меңгерушісінің орынбасары (2011–2018)

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің жауапты хатшысы, бірінші вице-министрі, аппарат басшысы  (2018–2022)

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің аппарат басшысы (2022–2023)

«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ қаржы директоры–басқарма мүшесі, аппарат басшысы–басқарма мүшесі (2023–2024)

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің аппарат басшысы (2024 бастап)

Білімі

Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті (1997)

 

Марапаттары

«Құрмет» ордені (2018)

«Ерен еңбегі үшін» медалі